Бұл экскурсия арқылы келушілер мұражайдың ішкі және сыртқы кеңістігін қашықтан аралап, оның экспозицияларымен жан-жақты таныса алады.
3D саяхат барысында пайдаланушы мұражай залдарын еркін шарлап, әр экспонат туралы қосымша ақпаратты көре алады. Бұл мүмкіндік Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған тарихи-мәдени мұраны тереңірек тануға, сондай-ақ Жидебай-Бөрілі кешенінің ерекше атмосферасын сезінуге жағдай жасайды.
Виртуалды тур білім алушыларға, зерттеушілерге және жалпы қызығушылық танытқан барлық қолданушыларға қолжетімді.